Created: 12 Мамыр 2020
467

Жылыжай жұмысы

Бүгін, 11 мамыр күні, Алға индустриялық-техникалық колледжіне жұмыс бабымен барғанымда директор Ахметова Нургул Жалгабаевнаның ұйымдастырған жылыжай жұмысымен таныстым. Жылыжайда гүлдердің түр-түрін кездестіруге болады. Сонымен қатар, қызанақ, қияр көшеттері де отырғызылып, гүлдеп жатыр.


Жылыжай жұмысының басты мақсаты – студенттерді еңбекке баулу және оларға өсімдіктерді өсіру, күту ережелерін практикада қолдануға үйрету. Жылыжай жұмысымен танысу барысында ең басты көзделген мақсаттың жүзеге асқанына көзім жетті. Колледж басшысы алдағы уақытта өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отырғандығын да айтып өтті. Ауданның басқа да мекемелеріне үлгі боларлықтай бұл колледждің іс-тәжірибесі -өзгелер үшін өнеге. «Еңбектің наны тәтті» демекші, жасаған еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
Алға аудандық білім бөлімінің басшысы М.Тулеуов