Created: 03 Қараша 2025
43

«Аспаз» күніне арналған көрме!

Бүгін колледжімізде «Аспаз» күніне орай тамаша көрме ұйымдастырылды!

Іс-шараға 1, 2 және 3 курс білім алушылары «Аспаз» мамандығы бойынша белсенді қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және дәм сезім үйлесімін көрсетті.

Көрмеде түрлі ұлттық және заманауи тағамдар ұсынылып, әр студент өз еңбегін мақтанышпен таныстырды.

Бұл шара — болашақ аспаздардың кәсіби дамуына және тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік болды!

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, шабыт және сәттілік тілеймін