Алға индустриялық – техникалық колледжінде 2020 жылдың 24 сәуірінде «Қашықтықтан оқыту нәтижесі және тәжірибе алмасу» мақсатында колледж әдіскері Б.У.Калиеваның ұйымдастыруымен Zoom электронды бағдарламасы негізінде вебинар өткізілді. Вебинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің әдіскері Е.Б.Утеулиев қатысты.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Б.Мулдагалиева қашықтықтан оқыту нәтижесіне тоқталып, жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімділігі мен ерекшеліктері туралы мағлұмат беріп, колледж әдіскері Б.У.Калиеваның оқытушылармен жеке жұмыстар жүргізуінің нәтижесінде EduPadе платформасын толық игерілгендігін және әдістемелік бірлестік жетекшілерінің де EduPade платформасын игеруге көп үлес қосқандықтарын атап өтті.
Колледж әдіскері Б.У.Калиева онлайн жүйесінде оқудың тиімділігі туралы, білім алушыларға үй тапсырмалары дер кезінде салынып, белгіленген уақытында қабылдануының артықшылықтары, оқылған лекцияға кері байланыс жасаудың әдістері туралы мәліметпен бөлісті.
Вебинар барысында оқытушылар Е.С.Зрячева, Н.Г.Клименко, Ф.З.Мингазутдинова, С.З.Тукибаев, К.М.Джумабаева өздері қолданып жүрген әдіс- тәсілдермен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Вебинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің әдіскері Е.Б.Утеулиев өзінің оң бағасын берді.