Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Оқитын келешекте бір - бір дастан.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,-
деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз, асыл қарттарымызды 1 - ҚАЗАН ҚАРТТАР КҮНІ мерекесімен 2 курс 202П тобының білім алушысы Құрманбай Айжан Өтегенқызы шын жүректен құттықтайды. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Біздердей жастардың алдында үлгі болып, ақыл - кеңестеріңізді айтып, жадырап жүре беріңіздер!
#қарттарымызаманболсын