Создано: 06 мая 2023
849

Учебно-воспитательная работа

Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант Алға индустриялық-техникалық колледжінде өткізілді.

Диктантты өткізуге негіздеме:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының электоралдық кезеңде берген жекелеген тапсырмалары.

Мақсаты:
Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.

Міндеттері:
Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауаттыжазудағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.

Диктант жазуды ұйымдастырушының міндеттері:
Диктант жазуды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, жергілікті атқарушы органдар.

Ұйымдастырушы:
1) жергілікті атқарушы органдаржергілікті БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы диктанттың өтетіні туралы хабарламалар орналастырып, алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі диктанттың мәтінін 2023 жылғы 3 мамырда сағат 11.00-де жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандарының эл.пошталарына жолдайды.

Диктант жазуға қойылатын талаптар:
1) диктант жазушылардың жас ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктант жазушылардың тілдік ерекшіліктеріне шек қойылмайды;
2) диктантпен өңір тұрғындарының кем дегенде 30 %-і қамтылуы тиіс;
3) диктантты офлайн/онлайн форматтарда өткізуге болады;
4) диктант бағаланбайды.

Диктантты өткізу мерзімі:
Диктант республика бойынша 2023 жылғы 4 мамырда сағат 11.00-де өткізіледі